7.05.2025, 14:49
Оқылды: 93

Казталовта «Таулы Қарабах» ұрыс-қимылдары ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Кеше Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада аудан әкімі Асланбек Сарқұлов «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.

image-06-05-25-03-12-1

Тағылымы мол іс-шараға мекеме басшылары, оқырмандарымыз, жастарымыз, сонымен қатар батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, басқа мемлекеттердің аумағындағы  ұрыс қимыл ардагерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322 заңына сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары кіреді.

Шара «Таулы Қарабах» бейнефильммен басталды.

- Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер әзірбайжандар мен армяндар арасында болған дауда тұрғындарды бірлікке шақырып, тұрақтылық орнатуға үлес қостыңыздар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бітімгер болу – бейбітшіліктің елшісі болу деген сөз. Бұл – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік, нағыз ержүрек жауынгерлердің қолынан келетін іс», деген болатын. Сіздер қиын-қыстау кезеңде елден жырақта болып, этносаралық татулықты орнатуға, соғыс қаупінің алдын алуға ықпал етіп қана қоймай қайсарлық танытып, ұлтжандылық, отансүйгіштік, Отанға адал қызмет ету сынды құндылықтарды дәріптей білдіңіздер. Сіздердің Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен өтеп, көрсеткен ерліктеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі. Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақ шаттығын тілеймін!, - деді аудан басшысы. Аудан әкімі Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ардагерлерге құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады. Ардагер ағаларға Қайрат Абдуловтың орындауындағы «Ағаларым» әні  көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Алма Оразбаева мектебінің оқушылары автоматты шашып жинау үлгісін көрсетті.

photo-output

Шара барысында оқырмандар мен жастар “сіздер ауылдан тіке  ұрысқа  өз еркіңізбен  бардыңыз ба?, ол жақта  қанша уақыт болдыңыздар?, осы  отырғандар  бір-біріңізді ол жақта көрдіңіздер  ма?, сіздің  ұрыс даласына  аттанғаныңызды ата-анаңыз,  тума-туыстарыңыз білді ме?, сол ұрыс  даласынан тіке ауылға келдіңіздер ма, әлде…?, ол жақтың  халқының   қандай екенін байқадыңыздар?”  - деген өздерінің көкейінде сұрақтарын қойды. Сонымен қатар Таулы Қарабах ұрыс-қимылдарына қатысқан ардагерлері де әскерге барып, шайқасқа қалай қатысқандарын айта отырып, келешек ұрпақты елін, жерін сүюге, мемлекеттік болашағын нығайтуға өз үлестерін қосуға шақырды.

06706f68-3850-4d72-9c79-ada69ed66d0c

Шара соңы Нәрік Дүйсеновтың орындауындағы «Туған жер» әнімен аяқталды.

 

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале