27.12.2019, 14:42
Оқылды: 138

Казталовта үздік жастар марапатталды  

Казталов аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің "Жыл үздігі - 2019" жастар сыйлығы байқауының салтанатты шарасы өтті.

qaztalov jyl (1)

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Альберт Есалиев жылдың үздіктері деп танылған барша мамандарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен алғашқы кезекте "Үздік мемлекеттік қызметкер", "Үздік дәрігер" аталымдарының иегерлері Ерлан Аронов пен Әнуар Сапаров марапатталса, "Үздік кәсіпкер" аталымымен "Еркемай" балалар ойын-сауық орталығының жетекшісі Гүлзар Рахматуллина, "Үздік ерікті жас" аталымымен Ардақ Жангелді, "Үздік жас көшбасшы" аталымымен Қарасу ауылдық округінің жастар кеңесшісі Эра Қожанова, "Үздік жас спортшы" аталымымен Сұлтан Ғұмар, "Үздік жас мәдениет қызметкері" аталымымен Жомарт Айтқалиев, "Үздік жас өнерпаз" аталымымен Казталов саз мектебі баян сыныбының ұстазы Әсем Бекжан, "Үздік жас журналист" аталымымен "Ауыл айнасы" газетінің тілшісі Диана Бақсық және "Үздік жас ұстаз" аталымымен А.Оразбаева атындағы мектептің ұстазы Риза Мұхамбетжандар марапатталды. Ал Баубек Ілиясовқа арнайы аталым "Жыл жаңалығы" жастар сыйлығы берілді.

qaztalov jyl (2)

Салтанатты шара соңы әсем ән мен күйге ұласты.

Гауһар Әділжан,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале