12.03.2022, 13:50
Оқылды: 113

  Казталовта - жаңа әкім!

12 наурыз күні Казталов ауданында актив отырысы оздырылды. Актив отырысына арнайы қатысқан Батыс Қазақстан облысының əкімі Ғали Есқалиев аудан активіне жаңадан тағайындалған Казталов ауданының əкімін таныстырды. ҚР Президент Әкімшілігі мен аудандық мәслихат келісімімен және меритократия қағидаттарына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының әкімі лауазымына Рүстем Мүлкайұлы Зұлқашев тағайындалды.

20220312064614_IMG_6726

Ғали Нəжметдинұлы Казталов ауданы əкімі қызметіне тағайындалған Рүстем Зұлқашевтің алдағы жұмысына сəттілік тілеп, осы күнге дейін ауданды басқарған Альберт Есалиевке алғысын білдірді.
Сонымен қатар облыс басшысы Ғали Есқалиев аудан активіне Альберт Темірболатұлының облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығына тағайындалып жатқанын хабарлады.

20220312064623_IMG_6729

Рүстем Мүлкайұлы Зұлқашев 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Талов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1989 жылы ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1989-1997 жылдары Орда ауданының "Орда" кеңшарының инженер-механигі, трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженері қызметтерінде бастаған.

-  1997-1999 жылдары Орда ауданы әкімінің орынбасары;

-  1999-2000 жылдары Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі;

-  2000-2010 жылдары Орда ауылдық округінің әкімі;

-  2010-2012 жылдары Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы;

-  2012-2019 жылдары Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары;

-  2019 жылдың наурыз айынан бастап Казталов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

"Ауыл айнасы" ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале