Казталов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің І жартыжылдықтағық отырысы өтті.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе аудан көлеміндегі жастар туралы мәлімет, жастар саясатын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жайында болды. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастар санын азайту бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Бибі Уәли баяндама жасады.
Ал аудандық Мансап орталығының директоры міндетін атқарушы Асылай Ізімқызы орталыққа жүгінген жастардың жұмыспен қамтылу үлесін арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ал аудандық полиция бөлімі жастар арасындағы құқық бұзушылық көрсеткіштеріне талдау жасап, оның ішінде нашақорлық, лудомания және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова жастар істері жөніндегі комиссия отырыстарындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы баяндама жасады.

Аудан әкімі жауапты сала басшыларына жастар саясатын жандандыру, жұмыссыз жастар санын азайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы,
Казталов аудан