16.11.2020, 9:27
Оқылды: 74

Казталовтық ардагер туған ауылына 75 терек отырғызды

Ықылым заманнан соңындағы ұрпағына тал-терек егуді аманат етіп қалдырған бабаларымыз "Бір тал кессең, он тал ек" деп үндеу қалдырған еді.

шал

Міне, осы қағиданы жадында ұстаған Казталов ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылының түлегі, Қазақстан Республикасы ішкі істер саласының ардагері Нұрлан Абулханов туған жерге тағзым ұранымен Жеңістің 75 жылдығына орайластырып, Жұлдыз ауылындағы "Батырлар" саябағы мен мектеп, клуб, тыл еңбеккерлері атындағы алаңдарға 75 түп тал-терек (қайың) отырғызып ауылдастарын қуантты.

20201116_064434

- Тал-терек егу – бабаларымыздан қалған дағды. Ол мұсылмандық қағидада да сауапты істер қатарынан табылады. Сондықтан табиғат-анамен тығыз байланыста  болу мақсатында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырып Жұлдыз ауылының түлегі, ауылдас ардагер ағамыз Нұрлан Абулханов 75 түп тал-теректі өз қаражатына сатып алып, Қарасу ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері арқылы ауылымызға жеткізіп берді. Туған ауылының көркеюіне дәл осылай сүбелі үлесін қосқан ардагер ағамызға елге істеген игілікті ісі үшін барлық ауылдастары атынан шынайы алғысымызды білдіреміз, - дейді округ әкімі Асхат Талпынұлы.

Қазір мектеп мұғалімдері мен ауыл тұрғындарының және ауыл жастары мен волонтерлардың ыждағаттылығымен әкелінген тал-теректің барлығы да егіліп болды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале