28.10.2021, 12:37
Оқылды: 55

Казталовтық аяқдопшылар жеңімпаз

27 қазан күні Қаратөбе ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мәдениет қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті.


Футбол (3)

   Аталмыш турнирге он команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Спорттық жарыс Ақжайық өңіріндегі мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық ауызбіршілікті нығайту, әріптестердің достық қарым-қатынасына ықпал ету мақсатын көздеді.

Футбол (6)

Облыстық турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

– Бүгінгі жарыста кәсіби шеберліктеріңіз бен жеңіске деген жігерлеріңізді көрсетіп, өңір және ел намысын қорғау жолындағы додаларда баршаңызға сәттілік пен шабыт серік болсын, алға қойған биік мақсаттар мен үлкен жеңістерге жетіңіздер! Мәдениет пен спорт саласында толағай табыстарға жете беріңіздер, – деген аудан басшысы ойын барысына сәттілік тіледі.

Сайыс нәтижесі бойынша «Үздік шабуылшы» аталымын Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония командасының ойыншысы Данияр Есқали, «Үздік қақпашы» аталымын Шыңғырлау ауданының ойыншысы Айдос Исенов иеленсе, «Үздік қорғаушы» аталымына Бәйтерек ауданының ойыншысы Валентин Санжин, «Үздік ойыншы» аталымына Казталов ауданының ойыншысы Едіге Утешов ие болды. Ойын қорытындысында I орынды Казталов ауданының мәдениет қызметкерлері қанжығалап, жеңімпаз атанды. Жүлделі II орынға Сырым ауданының командасы, III орынға Қаратөбе ауданының құрамасы тұрақтады. Турнирге қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок пен ақшалай сыйлықтар табысталды.

 Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале