Ақжайық ауданының Базартөбе ауылында ауылдық мәдениет үйінде ауданның әлеуметтік-рухани дамуына ұзақ жылдар бойы өлшеусіз үлес қосқан ардақты жан Назым Базарқызы Қуанышованың мерейлі 70 жасына арналған «Базарлы Базартөбе – құтты мекен» атты облыстық жыр мүшайрасы өтті.
Жыр мен руханияттың мерейін асырған жыр додасына өңірдің кіл мықтылары жиналып, туындыларын көпшілікке ұсынды.
Тартысты өткен жыр додасында Казталов ауданының намысын қорғаған әріптесіміз Ернәсіл Рысқалиев те ерекше шабытпен өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, аудан мерейін үстем етті.
Ернәсіл Рысқалиевті жеңісімен құттықтап, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!
Мейірім Парасат
Казталов ауданы