15.03.2024, 20:30
Оқылды: 73

Казталовтық қарияға құрмет көрсетілді 

Кеше Көрісу айтына орай Казталов аудандық санитарлық эпидемиологиялық басқармасының ұжымы санитариялық-эпидемиологиялық қызметте ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, мекемеден зейнетке шыққан Фарида Мұстахимқызы Салаватованың үйінде болып, атаулы мерекемен құттықтап, көрісіп шықты. 

image-15-03-24-08-01-1

Әріптестер бір-бірімен құшақ жая амандасып, есендік сұрасты.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Белгілі себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беріледі.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале