22.05.2026, 10:30
Оқылды: 12

Казталовтық мәдениет қызметкерлері марапатталды

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада Казталов аудандық мәдениет саласының бірқатар үздіктері марапатталды. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

image-22-05-26-09-46

Өңірдің рухани дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ауданымыздың мәдениет қызметкерлері де лайықты құрметке ие болды. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің алғысхатымен Жұлдыз ауылдық мәдениет үйінің директоры Сәуле Бисенгалиева марапатталса, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі режиссер Шалқыма Меркуловаға табысталды. Нәрік Дүйсенов «Еңбек даңқы» төсбелгісін иеленсе, Мейрам Мақсот «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Бұл – мәдениет пен өнерді дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарының елеулі еңбегіне көрсетілген жоғары құрмет.

 

Мәриям Рахим,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале