22.03.2021, 20:59
Оқылды: 49

Казталовтық жастар «Ақ құрт» акциясын ұйымдастырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтау сөзінде бұл мейрамды ерекше атап өту керектігіне тоқталған болатын. Президентіміздің сөзіне мән беріп, астарына үңіле білген Казталов ауданы жастары «Ақ құрт» акциясын ұйымдастырды.

4169AD63-F530-466C-92BF-5028F43E6104

Акцияның ұйымдастырылуына аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұжымы бастамашы болды. Игі бастаманы ауданымыздың жастары қолдап, ұлттық киім киіп, аудан тұрғындарына ақ құрт таратты.
504BEBDD-777B-4875-8870-054384A2383E

Құрт — қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Ертеректе сапарлатқан жолаушы, жауға аттанған батырдың қоржынына құртты салып жіберіп отырған. Себебі құрттың тоқбасарлық қасиеті бар. Сонымен қатар қуғын-сүргін құрбандарының жары мен балаларын айдаған АЛЖИР, КАРЛАГ сынды лагерьлер де ақ құрттың куәсі болған. Оған тарихымыз дәлел.

 Ұлттық тағамымыздың бұл түрін кейінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмес. Дегенмен жастарымыз ұлттық дәмді бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттай білді. Жалпы ауданымызда Наурыз мейрамы ысырапшылдық пен даңғазалыққа бой бермей, ерекше есте қаларлық көңіл күйге сай аталып өтті.

 Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале