31.05.2021, 15:01
Оқылды: 68

Казталовтықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етті

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бүгін казталовтықтар аудан орталығындағы Еске алу алаңында Сталиннің қанды қылышының және ашаршылықтың құрбаны болған жандарға тағзым етті. Атаулы күнге байланысты гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы жанындағы халықтық театр әртістері «Тұрар» тарихи қойылымын сахналады.

73598F99-5BE4-4239-B73C-7ED78ABBC0B9

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, дербес бөлім басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері және боздақтардың ұрпақтары қатысты.

AC1ADEF1-E249-48AB-813E-CEC3A9F9AE6A

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы атаулы күннің маңыздылығына тоқталып, боздақтардың есімін дәріптеуге шақырды. Ал еңбек ардагері Уәлиолла Әбішев ауданымыздың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының есіміне тереңірек мән берді. Сонымен қатар шара аясында жазықсыз құрбан болған азаматтардың еңбектері таныстырылып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, тағзым етті.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале