25.06.2021, 11:26
Оқылды: 50

«Кемсітуді білмейміз – бәріміз бірдейміз»

Дәл осы тақырыпта 24 маусымда Теректі аудандық Достық үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер арасында шахмат және дойбыдан аудандық жарыс өтті. 

 инв

«Алтын шуақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігі және «Парасат-2018» жеке қорының ұйымдастыруымен өткізілген шараның мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі екендігіне қарамастан, белсенді өмір сүретін жандардың жетістіктерін жастарға үлгі ету, салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараға арнайы келген дойбыдан облыстық турнирлердің жүлдегері Аманбек Дияров әртүрлі ойнау әдіс тәсілдерін көрсетті. Алматы қаласында өткен есту және сөйлеу қабілеті бұзылған ересектер мен жастар арасындағы чемпионатта жүлделі І орынды қанжығасына байлап, Польшада өтетін әлемдік командалық дойбы ойынына жолдама алған Аманбектің шеберлік сабағы қызықты өтті.

инв 1

Тартысты өткен шахмат шайқастарында І орынды Халел Бекмұханбетов (Подстепный) жеңіп алды. Мұрат Қапланбаев (Богдановка) ІІ орынға, Иса Бекетов (Федоровка) ІІІ орынға ие болды.

Дойбыдан жыл сайын жүлде алатын Гүлзада Бейсенова (Шағатай) биыл да І орынды иемденді. Шахматта да қарсыласынан басым түсіп отырған қос ойыншы дойбыда да дес бермеді. Халел Бекмұханбетов ІІ, Иса Бекетов ІІІ орынды иеленді.

Жүлдегерлер марапатталған салтанатты кезеңде шараның демеушісі, «Парасат-2018» жеке қорының президенті Әлия Масалимова әуесқой ойыншыларға ыстық лебізін білдірді. Белсенді қатысушыларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

 

Дана Рахымғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале