9.12.2022, 17:15
Оқылды: 24

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов қатысты.

6e4008d7-d057-43fc-a11c-25cedd99c869

Кеңесте  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев, Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау және Ұзынкөл ауылдық округтерінің бюджеті туралы» №14-1 және тағы басқа шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы аталған ауылдық округтердің әкімдері мен әкімдердің міндетін атқарушылар, «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев, «Округтік сайлау комиссияларын құру және сайлау учаскелерінің шекараларын белгілеу туралы» аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Миранбек Ибатовтың хабарламалары тыңдалды.

2eb4919c-357e-44e7-a3d8-eb87c5b99ed8
Кеңес мүшелері тарапынан қойылған кейбір сауалдарға Жақсылық Каримоллаұлы жауап берді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімі берілді.

Асхат Есіркепов,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале