27.11.2019, 18:09
Оқылды: 150

Кеңес Одағының Батырына ескерткіш қойылды

Теректі ауданы орталығы - Федоров ауылында Кеңес Одағының Батыры Иван Зреловтің ескерткіш-мүсіні қойылды.

terekti (4)

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай орнатылған ескерткіш Батыр атындағы көшенің бойынан орын тепті. Ескерткіштің ашылу салтанатында Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов, ауданның құрметті азаматы Александр Попов және Иван Зреловтың қызы Галина Мулева сөз сөйлеп, ерлер есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

terekti (5)

 Майдангер Иван Зрелов Николаев облысының Константиновка ауылы тұсында Оңтүстік Буг өзенінен өтіп, сол аумақты жаудан азат етудегі асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атанған. Ал соғыстан кейінгі өмірі Теректі ауданының Федоров ауылында өтіп, ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале