«Ақжайық» ФК кезекті үш ұпайын иеленді
1 Маусым 2023

«Ақжайық» ФК кезекті үш ұпайын иеленді

Оралда терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі
1 Маусым 2023

Оралда терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі

Ақбөкендер атамекеніне тұрақтап қалсын десек...
1 Маусым 2023

Ақбөкендер атамекеніне тұрақтап қалсын десек...

БҚО әкімі
1 Маусым 2023

БҚО әкімі "Балалар ауылына" барды

Оралдағы  NIS мектебін 76 түлек аяқтады
1 Маусым 2023

Оралдағы  NIS мектебін 76 түлек аяқтады

Өңір басшысы балаларды мерекемен құттықтауда (ФОТО)
1 Маусым 2023

Өңір басшысы балаларды мерекемен құттықтауда (ФОТО)

Кеңпейіл халыққа разымыз

Жиырмасыншы ғасырдың басында атам Жалял Бекболатов Уфадағы семинарияны тіл маманы саласы бойынша бітірді. Ол кезде жұмыс табу қиын болған. Атам жаңадан қосылған жары Бдурь екеуі жұмыс іздеп, Татарстаннан жаяу жолға шығады. Олар жаяулап жалпылап жүре отырып, Орынборға жетеді. Бір медресеге келгенде Елек өзенінің жағасындағы шағын ауылға тіл маманы қажет екендігін біледі. Сөйтіп, ерлі-зайыпты 1912 жылдың маусым айында екі ай жаяу жүріп, Шілік ауылына жетеді.

6D71D7A5-34AB-4926-B4D8-C246C643CF98

Жалял Нағымұлы орыс, татар, башқұрт, қазақ, латын, араб тілдерін жақсы меңгерген маман болған. Ол жергілікті тұрғындарды оқуға, хат жазуға, қолөнерге үйретіп, тарих тануға баулыды. 1914 жылы әкем Расих Жалялұлы дүниеге келді. Әкемнің бар саналы ғұмыры Шілік ауылындағы мектепте өтті. Ол осындағы мектепте тіл маманы болып қызмет етті. Бізді әкем туған жерді сүюге, сол ауылды мекендеуші тұрғындарды сыйлауға тәрбиеледі. Ата мен әке тәрбиесінен тәлім алған біз өз кезегімізде балаларымызды нағыз елжанды, патриот болуға, ұлтына, дініне, діліне қарамай халықты құрметтеуге баулыдық. Біздің отбасы басқа ұлт деп жатсынбай, кеңпейілдік пен қонақжайлылықтың үлгісін көрсеткен қазақ халқына шексіз  разы. Осындай елде ғана бейбітшілік пен келісім салтанат құрады.

Сәния Бекболатова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале