19.01.2023, 9:30
Оқылды: 22

Кездесуге киік себеп

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ұлан Мамырбаев пен «Охотзоопром» РМКБҚОФ директоры Арман Қожахметов Мұратсай, Бисен және Бөрлі ауылдарында боп, ауыл тұрғындары, шаруа қожалық иелерімен кездесіп, резерват жұмысына, киіктерге қатысты заңнамалық түсінік жұмыстарын жүргізді. 

киік.jfif

Жұмыс тобының бұл сапары Казталов ауданынан басталып, Жәнібек пен Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарында жалғасын тапқан еді.

Кездесу барысында киіктерді, олардың мүйіздерін, яки дериваттарын пайдалануға жарияланған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылғаны туралы айтылып, киік популяциясына қатысты қабылданған кешенді іс-шаралармен таныстырылды.

киік сол.jfif

Шаруа қожалық иелері өз кезегінде көктемгі егістік кезінде киіктердің науқанға кедергі келтірмеуі үшін «Охотзоопром» мекемесінің жұмысын жандандыруды ұсынды. Аталмыш мекеме басшысы да жергілікті тұрғындардың киіктің көктемгі төлдеу науқаны кезінде дала еркесінің табиғи миграциясына кесе-көлденең кедергі жасамай, табиғат заңына түсіністікпен қарау керектігін түсіндіріп өтті.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале