30.12.2021, 15:30
Оқылды: 71

Кезектен тыс сессия өтті

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХIV сессия отырысы өтті. Сессияға аудан әкімі Азамат Сафималиев, депутаттар, округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

22

Күн тәртібі бойынша сессияда «2022-2024 жылдарға арналған Жәнібек ауданына қарасты ауылдық округтердің бюджет  есебі туралы» мәселесі қаралды. 2022-2024 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Қамысты, Күйгенкөл, Талов, Тау, Ұзынкөл және Жәнібек ауылдық округінің бюджеті туралы хабарлама жасалды. Мәселе бойынша өз кезегінде Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев сөз сөйлеп, мәслихат депутаттары мен сессияға қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

21

Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов қорытындылады.

Мәдина Сағындық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале