18.04.2026, 17:54
Оқылды: 8

Кезектен тыс сессияда маңызды мәселелер көтерілді

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессия отырысы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұргинов, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары және ауылдық округ әкімдері онлайн форматта қатысты. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева төрағалық етті.

IMG-20260417-WA0099

Сессияның күн тәртібіне үш мәселе енгізіліп, олар жан-жақты талқыланды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәурен Дәуленов баяндама жасады. Ол «Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде түсіндіріп, ұсынылған түзетулердің әлеуметтік маңызын атап өтті.
Содан соң Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясаты, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Аталған мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиев баяндама жасап, комиссия қызметінің негізгі бағыттары мен қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

IMG-20260417-WA0100
Сондай-ақ сессия барысында ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп қаралды. Бұл мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Бибігүл Жұмағұлова баяндап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, келешекке арналған нақты міндеттер айқындалды. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Кенесары Бекболатұлы барлық қатысушыларды бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуге шақырды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, сессия өз жұмысын қорытындылады.

Ақсәуле Алжанова

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале