«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Кезектен тыс VІІ сессия

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІ сессиясы өтті.

IMG-20230605-WA0055

Аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Каменов жүргізген сессияға қатысуға тиісті 11 депутаттың сегізі қатысты. Сонымен қатар аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімінің орынбасарлары Ерлан Қажиев пен Ақнұрлы Еслямғалиева және бөлім басшылары қатысты.

IMG-20230605-WA0060
Алғашқы мәселе бойынша Дәурен Мерешов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың есебі туралы баяндады.

Екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-3 «ауданымызда аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайында сондай-ақ №2-2 «ауданымыздың әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде және аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 ақпандағы №25-6 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайында хабарлама жасады.

Соңғы мәселе бойынша Жаңақала топтық су құбыры мекемесінің басшысы Ерсайын Мұхамбетжанов аудан бойынша ауыз суды үнемдеу мақсатында су бағасына өзгеріс енгізу туралы мәлімдеме жасады. Жиын соңында депутаттар шешімдерге өзгеріс енгізуге бірауыздан келісім берді.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале