28.02.2024, 17:00
Оқылды: 13

Кезекті кеңес отырысы өтті

Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Жаңабайұлының төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өткізілді.

ЖП, әкімдік

Көрнекі фото

Жиынға аудан басшысының орынбасарлары, аппарат басшысы, қоғамдық кеңес төрағасы, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатынасты. Күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды.

 Біріншісі «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, Түркістан облысымен тәжірибе алмасу мақсатындағы іс-сапар барысы бойынша Жаңақала аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов баяндама жасады. Іссапар барысындағы кәсіп иелерінің жұмысымен таныстырып, айналысып отырған істерінің ауданымызға да керек екендігін, айналысуға мол мүмкіндік барын жеткізді.

Екінші мәселе - ауданымыздың су тасқынына дайындығы бойынша Жаңақала аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейірім Бақтыгереев баяндап, алдағы уақытта ауа райының жылынуына байланысты су тасқынына әзір екендіктерін айтты. Сонымен қатар күн тәртібінен де бөлек мәселер қозғалып, жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале