20.11.2019, 16:52
Оқылды: 318

Киік атқан жәнібектіктің бас бостандығы шектелді

Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Медет Бисақов берген мәліметке сүйенсек, «Браконьер» жедел іс-шарасын жүргізу кезінде маусым айының 25 күні таңғы сағат 10.00 шамасында Күйгенкөл ауылының У. есімді тұрғыны Қарақұдық қыстағының батыс бағытында жүрген ірі қараны қарау үшін мотоциклімен шығады.

qylmys

Қыстақ жанында сирек кездесетін киікті байқап, бұрын даладан тауып алған қос ауызды ТОЗ-54 маркалы қаруымен атқан. Киіктің бөліктері мен дериваттарын тасымалдау үстінде «Охотзоопром» қызметкерлеріне ұсталды. Факті бойынша ҚР ҚПК-ның 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тұрғын мемлекетке 7 575 000 теңге залал келтірген. Іс аудан прокурорының қолдауымен аудандық сотқа электронды түрде жолданған. Күдікті бір жыл алты ай бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Мемлекетке келтірген залалын мәжбүрлі түрде өндіруге үкім шығарылды. Сонымен қатар қос ауызды ТОЗ-54 маркалы аңшылық қару мен киіктің 4 дана мүйізі жойылды.

Гүлзара Тілекқабылқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале