24.04.2024, 20:02
Оқылды: 51

Киік санағы басталды

Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тікелей бұйрығымен Батыс Қазақстан облысында Орал популяциясына кіретін ақбөкендердің әуе санағы басталды.

IMG20240424065113

Казталов ауданы орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан «Озотзоопром» Батыс өңірлік филиалына қарасты базасында ұшу алаңы ұйымдастырылып, ақбөкендер тікұшақ арқылы саналып жатыр.

Санақ жұмыстарына Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкерлері, Қазақстан республикасы Зоология институты мамандары, «Охотзоопром» РМҚК және «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары, мемлекеттік инспекторлары қатысуда.

FB_IMG_1713961811498

Біз ұшу алаңының басына барып, санаққа жұмыстарына атсалыстық. Мінге тікұшағымыз жерден еш қиналыссыз көтеріліп, көк аспанды әуелей ұшып кете барды. Жоғарыдан жасыл желекке бөленген шексіз дала, сол далада жөйткіп жүрген ақбөкендердің көрінісі көздің жауын алады. Санақ жұмыстары арнайы фото құрылғылар арқылы есепке алынып, объективке түскен киік саны жазылып, GPS арқылы кординаттары белгіленеді. Үш сағаттай әуеде ұшып, біраз шақырымды шақырымды артқа тастап, бастапқы нүктемізге қайта оралдық.

Жерге қонған соң әуе санағына жауапты «Охотзоопром» РМҚК мекемесі жануарлар дүниесін есепке алу және мониторинг бөлімінің маманы Дидар Оспановпен тілдестік.

FB_IMG_1713961815865

– Жалпы тікұшақпен жүргізілетін санақ жұмыстарының ұзақтығы 60 сағатты құрайды. Қазіргі уақытта ақбөкендер төлдеу үшін қоныс аударып жатыр. Санақ жұмыстары тиісті деңгейде, бір қалыпты жүргізілуде. Жоспарланған 60 сағаттың 20-дам астам сағатын ұштық. Санақ жұмыстарының қорытындысы ағымдағы жылдың аяғына дейін нақтыланатын болады, - деді маман.

Сонымен бірге киік санағына «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары Аслан Сәрсембиев, аңтанушы-маман Болат Айдынғалиев, мемлекеттік инспектор Мирлан Нұролла қатысып, өз үлестерін қосуда.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале