20.12.2019, 19:08
Оқылды: 305

Киіктің киесі 14 013 750 теңге айыппұл арқалатты

Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Медет Бисақовтың мәлімдеуінше, биыл 24 маусым күні таңғы сағат 06.00 шамасында Ақоба ауылының С. есімді тұрғыны ішкі істер органында тіркелмеген қарумен киік атқан.

sot

Тұрғын «Мәңгүр» қыстағынан 3 шақырымдай жердегі «Адайбай» су бөгетінің маңында жайылып жүрген киіктерді атқан.

Осылайша үш аталық пен бір бас аналықты олжаламақ болған ол «Охотзоопром» қызметкерлеріне ұсталады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабымен қылмыстық іс қозғалып, мемлекетке 14 013 750 теңге көлемінде шығын келтіргені дәлелденеді. Әрі айыпталушыға 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекетке келтірілген 14 013 750 теңге көлеміндегі залалды өндіруге үкім шығарылады.

Еске салсақ, ғылыми мақсаттарға пайдаланудан басқа Қазақстан Республикасының аумағында киіктердің бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салынған.

Осыған дейін, Жәнібек ауданында ҚР ҚПК-нің 339-бабымен қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 300-бабына сай қылмыскердің бас бостандығын бір жылға шектеу туралы сот үкімі шығарылған еді.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале