23.09.2022, 11:30
Оқылды: 47

Киіз үй құрудан байқау өтті 

Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жуырда Орал қаласы мен аудандар арасында «Ұлы дала дәстүрі» киіз үй құру байқауы өтті. 

Киіз үй дк

Дәстүрімізді дәріптеп, бабалар ізін жалғастыру, халық арасында ұлттық салт-дәстүрді дамыту, мәдениет және өнер қызметкерлері арқылы қазақ үйінің тігілуі, көркемделуі мен маңыздылығын бұқараға насихаттауды мақсат тұтқан шараға Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұжымы да қатысты.

Байқау шарты бойынша сегіз немесе он екі ағаш қанаттық ағаш үй құрылуы тиіс болатын. Сегіз адамнан құралған ұжым бір сағатқа жуық уақытта сегіз қанатты киіз үйді құрып, безендіріп шықты. Киіз үйдің ішіне Ынтымақ ауылдық клубының меңгерушісі, қолөнер шебері Күміс Есқалиеваның, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұстаздары мен оқушыларының қолөнер бұйымдары қойылды. Екі күн бойы оздырылған бәсі биік облыстық шарада асқан жауапкершілік пен ауызбіршілік танытқан ұжым ІІ орынды иеленді. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлағатты іс жасап жүрген әріптестер, алар асуларыңыз көп болсын!

Бинұр Хабидашева,

Тасқала ауданы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале