21.09.2022, 18:00
Оқылды: 45

«Кіреберіс жолдарды аяқтаймыз»

Теректі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың ХХVI кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Тілек Габдушев, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев төрағалық етті.

IMG-20220921-WA0021

Күн тәртібінде аудан бойынша атқарылуы тиіс бірқатар мәселелер сөз болды.

Аудан әкімі Тілек Александрұлы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттері туралы есеп берді.

— Көпке мәлім, соңғы уақытта халықпен кездесудің жаңа тәртібі енгізілді. Осы орайда барлық ауылдық округтерде  болып, жыл басынан бері елуге жуық кездесулер өткіздік. Халықтың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Аудан экономикасының негізгі бөлігін  ауылшаруашылығы құрайды. Сонымен қатар, ауданда мемлекет есебінен қайтарымсыз грант алып жатқандар жетерлік. Олардың дені сүтті бағытта мал өсіру, бройлер балапаны, бау-бақша баптауды қолға алды. Ауданда мал азығын даярлау жұмыстары аяқтала келді. Шөп бағасы тұрғындарға тиімді болды.

Сүтті бағытта мал өсіруді насихаттап, сол бағытта жұмыстанып келеміз. Бүгінде ауданда 382 бас асыл тұқымды сиыр алынған болса, оның ішінде 153-і кооперативтерге тиесілі. Алдағы мақсат бұл деңгейді көтеру.

IMG-20220921-WA0029

Ауданымызда бірқатар құрылыс нысандары жүріп жатыр. Оның ішінде тұрғын-үй құрылысы бойынша 7 жоба, ауыз сумен қамту бойынша 6 жоба, білім беру бойынша - 2, мәдениет саласы бойынша - 1, газдандыру бойынша - 6, автомобиль жолдары бойынша - 7,  инфрақұрлым бойынша - 23, денсаулық сақтау бойынша 1 жобалар бар. Алдағы уақытта бұл жобаларды аяқтап, халыққа ұсынамыз. Сондай-ақ туризмге көңіл бөліп жатырмыз. «Нұрберген» шипажайында жөндеу жұмыстары, «Ақжол» демалыс орны секілді нысандарымыз бар.

Аудандағы күрделі мәселелердің бірі — жол болып отыр. Қазіргі таңда Әйтиев, Тоқпай, Магистральный, Юбилейный ауылдарының кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңаөмір ауылы жолының құрылысы түгелдей аяқталды. Қалған ауылдардың кіреберіс жолын жөндеуде үлкен кедергі бар. Ол битоннын жетіспеуі. Аудандағы бірқатар нысанның құрылысын алған «Ануш» құрылыс компаниясы жобаларын аяқтай алмай отыр. Бірақ қайткенде де жыл аяғына дейін аяқтап, халыққа ұсынуымыз керек.

Газдандыру мәселесін де назардан қалдырмаймыз, ол күн тәртібінен түспейді, — деді аудан басшысы өз сөзінде.

Сондай-ақ мәжілісте Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті» мен ауылдық округтерінің «2022-2024 жылға арналған бюджеті» жайын экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Сарсенова баяндады.  Тоқпай ауылынын кіреберіс жолы жайында сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Айбергенов, мемлекеттік нысандардың жылыту маусымына дайындығын тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Досанов, аудандық жұмыспен қамту жайын жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы А.Тасенова баяндап берді.

Шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале