26.02.2022, 17:10
Оқылды: 45

Кіші Шаған газға қосылды

Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округіне қарасты Кіші Шаған елді мекеніне газ қосылды.

​ ​ ​IMG-20220226-WA0053

30-ға жуық шаңырақ мекен ететін елді мекен тұрғындары осы қуанышты ұзақ күтті. Бүгінде ауылда 13 үй газға қосылды.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Газ алауын тұтатып, ауыл тұрғындарының қуанышын аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Бәйменов, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин және басқа да лауазымды тұлғалар бөлісті.

Игі істің басы-қасында болып, ел қуанышына ортақтасқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Бәйменов табиғи отынды игілікке жаратқан әр шаңыраққа береке, амандық тіледі.

IMG-20220226-WA0054

Кейін елді мекен тұрғындары атынан сөз алған педагогика саласының ардагері Валентина Леонтьева​ жобаны іске асыруға атсалысқан азаматтарға​ ризашылығын білдірсе,​ еңбек ардагері Гүлжиян Ғұмарова қазақы дәстүрмен шашу шашып, ел тізгінін ұстаған басшыларға амандық, ауылға береке тіледі.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале