2.05.2024, 17:06
Оқылды: 10

Кітап - ақылшы досымыз

Сырым ауданындағы Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасында «Кітап – білімнің кілті» атты кітап шоу шарасы  ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Дүниежүзілік авторлық құқық күні мерекесінің маңызы туралы айтып, оқырмандарды кітап оқу мәдениетіне  баулу, оларды кітапханаға келіп кітап оқуға қызықтыру еді.

кітап ақылшы досымыз (1) (1)

Шарада «Кітап ханшайымы» инсталляциясы  жасалып, «Келіңіздер, кітап оқиық!» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар қазақ баспаларынан жаңадан шыққан көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, құқықтық әдебиеттер туралы мол мағлұмат алды. Қазақ ертегілері бойынша 5 минут кітап оқу әдісі балаға кітап оқытудың заманауи түрі дауыстап оқытылып, осы ертегілер бойынша квест ойыны ойнатылды. «Жылан» ойынында шарды тасу арқылы жіптің бойымен мәреге жету арқылы балалар жазушылардың шығармаларын оқыды. Мысалы Қ. Мырза Әлі, М.Мақатаев шығармаларын,  кітап туралы  тақпақтар, жұмбақтар шешіп, тәттілер  таратылып, дипломдар табыс етілді.  Кітапханашылар оқырмандарды кітаппен дос болуға шақырды.

Назым Сұңғатқызы, 

Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале