27.07.2021, 9:35
Оқылды: 77

Кітап керуені жалғасуда

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, аудандық және орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» атты рухани-мәдени акциясы аясындағы «Зердеңді ашар 30 кітап» атты библиокеруен жалғасуда.   

IMG-20210727-WA0005

Бұл жолы  кітапханашылар Переметное - Орал бағытында жүретін көлікrе отырып, жолаушылар мен аудан тұрғындарына танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма жанрындағы 30 үздік шығармаларын насихаттап, ақпараттық үнпарақтар таратты. Сонымен қатар қызығушылық танытқан жанның сұраған авторы немесе оқулығы туралы түсінік беріп, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандардың қызығушылығын оятты. Осы  акция арқылы біз жерлестерімізді отандық авторлармен жақынырақ танысуға шақырамыз. Сондай-ақ ата-дәстүрін құрметтеу, рух, жан тазалығы сияқты қасиеттерді дәріптеп, азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелегіміз келеді,- дейді акция ұйымдастырушылары.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале