21.10.2022, 16:15
Оқылды: 242

Кітапханашылар марапатталған күн

Бүгін Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесіне орай «Кітапханашы болу – бір бақыт» атты мерекелік кеш өтті.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 16.04.33

Мерекелік кеште құттықтау сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев кітапханашыларды төл мерекесімен құттықтады.

– Биыл алғаш рет 24 қазан – Кітапханашылар күні болып мерекелік күнтізбелер қатарына еніп отыр. Осы орайда көркем ой құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, ұлағатты іс тындырып келе жатқан кітапханашылардың еңбектеріне шығармашылық табыс тілеймін. Оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп, руханият игілігі жолында еңбектеріңіз жана берсін,- деді аудан әкімі Қ.Орынбасарұлы.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 16.04.33 (1)

Шарада Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының алғысхатымен кітапханашы Айнұр Рүстембекқызы, Хайыр Бисенғалиұлы, Жаңылдық Смайлақызы марапатталса, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Уразаеваның алғысхатына Ақнұр Тілектесқызы, Айнагүл Рысбайқызы, Жазира Жауынбайқызы, Айгүл Каресқызы, Аягөз Байғалиқызы ие болды.

Кеште кітапханашы Тәттігүл Назарғалиқызы, Әсемгүл Мұратқызы, Таңсәуле Есенғалиқызы, Бақтыгүл Батырханқызы аудан әкімінің алғысына бөленді.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 16.04.33 (2)

Сонымен қатар, шарада кітапхана жұмысын жандандыру және дамыту мақсатында оздырылған «Үздік кітапханашы – 2022» байқауының үздіктері маратталды. Байқаудың бас жүлдесін аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Құрманай Ғатауова жеңіп алса, оқырмандар арасында ең көп кітап оқыған оқырман Ақлима Бисенғалиева «Алтын формуляр» иегері атанды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале