28.11.2019, 17:50
Оқылды: 124

Қоғам қайраткері - Теректі ауданында

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Ақ Жайық өңіріне еңбегі сіңген, ел ағасы, саяси қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаевпен кездесті.

terekti tolebaev (2)

- Жастардың жалындап, елі, жері үшін қызмет етіп жатқанын көргенде риза боламын. Білімді, оқыған-тоқыған ізбасарларымызға қарап, болашағымыздың сенімді қолда екеніне көзім жетеді. Тек оларды дұрыстап бағыттау керек. Егемен елімізде ұлттар достығын нығайту, халықтың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі мемлекеттік тіліміздің дәрежесін көтеруді тапсырды. Қазірдің өзінде қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері аз емес. Ендігі міндет - осы бастаманы әрі қарай жалғастыру, - деді ынтымақтастық пен достықтың тірегіне айналған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясында бірнеше жыл қызмет атқарған Қуанышбай Төлебайұлы. Аудан әкімі мен оның әріптестеріне ағалық кеңесін айтты.

terekti tolebaev (1)

Жағымды жаңалықтарымен бөліскен қоғам қайраткеріне аудан әкімі де алғысын білдіріп, көнекөз қариялардың демеуі әрқашан маңызды екенін жеткізді.

terekti tolebaev (4)

Келелі кездесу соңында қоғам қайраткері аудан басшысына естелік ретінде "Зерде - Память" қорының "Өнеге" атты кітабын сыйға тартты.

Аягөз Айтқалиева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале