2.12.2022, 17:15
Оқылды: 53

Қоғамдағы тұрақтылық – басты құндылық

Бүгін Шыңғырлау колледжінде студенттер мен оқушыларға арналған «Қоғамдағы тұрақтылық – басты құндылық» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

WhatsApp Image 2022-12-02 at 11.49.10

Шараға Орал қаласынан арнайы келген Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабралиев және аудандық қоғамдық келісім кеңесінің жетекшісі, Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің орынбасары, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, мешіт имамдары, қатысты.

WhatsApp Image 2022-12-02 at 11.49.10(1)

Екі сағатқа созылған жиында дәстүрлі дініміз бен салт-дәстұр сабақтастығы, қоғамдық тұрақтылық секілді мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабралиев ақын Абай атамыздың «Бес нәрседен қашық бол» өлеңін мысалға келтіре отырып, отбасындағы тәрбие, дәстүр мен дін тақырыбын қаузаған «Дін мен салт-дәстүр» атты баяндамасы көпке ой салды. Сонымен қатар,  аудандық колледждің психологі Халида Жұмағұлова жасөспірімдердің психологиясы, қандай да болмасын дінге бой ұсыну себептеріне тоқталды.

WhatsApp Image 2022-12-02 at 12.18.33

Жиын барысында сұрақтар қойылып, ұсыныс-тілектер айтылды.

Аман Ізмұхан, 

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале