21.02.2024, 11:30
Оқылды: 16

Қоғамдық кеңес отырысы: қандай мәселелер қаралды?

Казталов аудандық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мен аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

image-21-02-24-10-26

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде төрт мәселе талқыланды. Атап айтқанда, бірінші мәселе «Казталов аудандық мәслихатының 2023 жығы 22 желоқсандағы №11/1 «2024-2026 жылдарға арналған Казталов ауданының ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Жадыра Болатқызы хабарлама жасап, жиын қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

image-21-02-24-10-26-1

2024 жылы Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы», «Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Казталов ауданының ауылдық округтерінің  бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова баяндама жасады.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангерева «Мемлекеттік органдардың азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі, сыбайлас жемқорлықтың туындауына мүмкіндік жасайтын себептердің алдын алу бағытында аудандық білім бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есепті тыңдау» туралы хабарлама оқып, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне қоса басқа да түйінді мәселелер қаралды.

Кеңес мүшелері жиын соңында тиісті шешім қабылдауға уағдаласты.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале