21.12.2022, 20:47
Оқылды: 28

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінде Рухолла Саматовтың төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

IMG_20221221_203922

Жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық құрылымдық дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне қойылған мәселелерге сәйкес алдымен С.Меңдешев ауылдық округі әкімі Абзал Ахметов аталмыш ауылдық округі әкімі аппараты бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы соның ішінде соңғы тоқсандағы көрсетілген қызметтер санын атап шықты.

Отыз адамға электронды цифрлық қызметті қашықтан алу, екі адамға соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама, бір адамға туу туралы куәлікке өтініш, жиырма бес адамның жұмыссыз ретінде тіркелгендігін, он адамға жұмыстан шығуына байланысты әлеуметтік тағайындау анықтамалары берілгендігін тілге тиек етті.
Келесі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Айдар Қаресов Жаңақала ауданы әкімінің «Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы баяндама оқыды.
Соңғы мәселеге байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы мәлімдеме жасады.
Қоғамдық кеңес отырысы аяқталған соң аудан әкімі Дархан Закаринмен қоғамдық кеңес төрағасы Рухолла Саматовқа 69, 17, 33, 62, 36, 62, 15 және Мендалиев көшелерінің тұрғындары көшелерге атау беру, мектеп, балабақша, қатқыл табанды тас жолы, балалар ойын және ашық спорт алаңын салып беру және ауылішілік автобусты аталған көшелермен байланыстыру жөнінде өтініштерін білдірді.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале