17.08.2022, 23:56
Оқылды: 52

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рухолла Саматов ашып, жүргізіп отырды. Аталған жиынға аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық мекеме-бөлім басшылары қатысты. 

IMG_8924

Күн тәртібіне қойылған мәселелерге сәйкес алдымен аудан әкімі Дархан Закарин осы кезге дейінгі атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы міндеттерге  тоқталды. Мұнан соң аудандық аурухана директорының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары Дәурен Көкенов аудандық аурухананың атқарған жұмыстарының есебімен таныстырды. Одан әрі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ғұмар аудан мектептерінің жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындығы туралы хабарлама жасады. Келесі мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Есен Бекболатов аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 сәуірдегі №6-1 «аудан бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімдерге өзгеріс енгізу жөнінде жүйелеп айтты. Кейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі А.Мұқанбетиярова аудан әкімдігінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №5 «аудан бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу жөнінде мәлімдеді.

IMG_8919 (1)

Соңғы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Айдар Қаресов аудан әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №68 «Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу бойынша мәлімдеме жасады.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале