5.08.2026, 16:30
Оқылды: 5

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Самат Хамзаұлы төрағалық еткен кеңес отырысына кеңес мүшелері, бөлім басшылары қатысты.
image-05-08-26-02-36
Жиында кеңес мүшелері 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке және ауылдық округтердің бюджетіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарап, қаржының басым бағыттарға бөлінуі, жоспарланған жобалардың орындалуы мен бюджет қаражатының тиімді игерілуіне қатысты пікір алмасты.
image-05-08-26-02-36-4
Күн тәртібіндегі келесі мәселе 2026–2030 жылдарға арналған Казталов ауданының даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу болды. Салалық бөлім басшылары құжатқа енгізілетін түзетулердің мәніне тоқталып, олардың өңірдің алдағы кезеңдегі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштеріне ықпалы жөнінде баяндады. Кеңес мүшелері ұсынылған өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдіріп, бірқатар нақты ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, түлектердің, ауыл тұрғындарының және меценаттардың демеушілігі есебінен жүзеге асырылуы мүмкін жобалар мен іс-шаралардың үлгілік тізімі қаралды. Бұл бастама елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға, ауылдардың көркеюіне және тұрғындардың ортақ іске атсалысуына мүмкіндік беретін тиімді тетік ретінде бағаланды.
Жайна ҚАБИБОЛЛА
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале