10.05.2022, 19:35
Оқылды: 54

Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы

Жаңақала аудандық кітапхананың оқу залында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселері жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен көшпелі отырысы өтті.

Қоғадық кеңестің көшпелі отырысы (4)

Ауданымызда ұйымдастырылған қоғамдық кеңестің бірлескен көшпелі отырысына «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрғиса Қамашев, қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Батпақұлова, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері Рима Көбейсінова, Жұмажан Қожжанов, Светлана Адилова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Балықов қатысты. «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Афиза Семғалиева және саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жанар Жұмағазиева қатысты.

Қоғадық кеңестің көшпелі отырысы (3)

Сонымен қатар Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандары әкімдерінің орынбасарлары, партия филиалдарының атқарушы хатшылары бой көрсетті. Сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, аудандық аурухана және мектеп директорлары, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ұйымдарының жетекшілері мен мүшелерінен құралған делегаттар, аудандық партиялық бақылау комиссиясы мен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 29 қазандағы №5 көшпелі отырысы хаттамасының 1-тармағына сәйкес республикалық жұмыс тобының ескертпелерін жою мақсатында атқарылған шаралар туралы.

Қоғадық кеңестің көшпелі отырысы (2)

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Рима Кәкенқызы баяндама жасады.

Қоғадық кеңестің көшпелі отырысы (6)

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Базарғалиқызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Жәрдемғалиұлы, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрғиса Мәлікұлы жарыс сөз айтты. Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарының делегациялары сөз сөйледі.

Жиында күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралды.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале