19.11.2022, 1:02
Оқылды: 88

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Бүгін аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ескендір Елемесовтің басшылығымен аталмыш кеңестің отырысы өтіп, оған аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Қадимов пен аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов қатысты.

IMG-20221119-WA0000

Қоғамдық кеңесте аудан әкімдігінің «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Салтанат Темірғалиева «Жәнібек ауылын ауыз сумен қамтудың өзекті мәселесі туралы», аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев «Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №12-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев «Жәнібек ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» және «Жәнібек ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» хабарлама жасады.

IMG-20221119-WA0002

Кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселелерді талқылап, өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Отырыс соңында қаралған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімі берілді.

А.Қожағұл,
Жәнібек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале