26.04.2022, 18:55
Оқылды: 54

Қоғамдық сананың сауаттылығы - сауатты БАҚ-тан

«Жайық Пресс» ЖШС-нің Бас директоры Табылғали Сапаров пен осы серіктестіктің ақпарат агенттігінің басшысы Нұрбек Оразаев ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, кездесу өткізді. Мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихат депутаттары қатысқан кездесудің тізгінін ұстаған аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қонақтарға «қош келдіңіз!» айтып, төртінші билік саналатын БАҚ-тың маңызын айтып, мерзімді басылымдарға жазылу науқаны аясында атқарылып жатқан жұмыстар турасында мәлімдеді.

қоғамдық (3)

- Қазіргі таңда заман ағымы көз ілестірмес жылдамдықпен өзгеріп, ілгері қарай жылжуда. Күн санап жаңа технологиялар, жаңаша көзқарастар артта қалған түрлі құндылықтарды алмастырып келеді.

Заман дамуымен қатар жүрудің ең қажетті факторы ол қоғамдық сананың жаһандануы. Осы қоғамдық сана да жыл емес, күн өткен сайын заман талаптарына, замана ағымына сай өзгеріске түсуде. Қоғам қанша жаңғырса да, тамырын мықтап ұстап тұратын осы қоғамдық сана. Сауатты қоғамдық сана - мемлекеттің қорғаны, мызғымас іргетасы, қоғамның тамырын тарих тереңінен алған рухани коды. Бұл жерде ұлттық код деп отырғанымыз, халықтың рухани өмірі мен тұрмыс-тіршілігі негізінде сан жылдар бойы қалыптасқан, атадан балаға мирас болып қалған құндылықтар жүйесі. Ол уақыт тезіне төтеп беріп, адамның ішкі жан дүниесінде, рухында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өзеріссіз мәңгілік құндылық. Осы құндылықтан айырылып қалсақ, ұлт болудан да, ұлыс болудан қалады.

4

Сөзім түсінікті болуы үшін күні кешегі коронавирус індетін мысалға алайын. Ковидтен құтылып, тұмшаланып жүрмеу үшін қоғамның үштен екісі вакцина алуы керек. Қоғамдық иммунитет қалыптасқан жағдайда ғана миллиондардың өмірін жалмаған індетке төтеп береміз дедік. Басында сенбедік, қолымыздағы телефоннан түрлі жаңсақ мәліметтерді оқып, «өтірік, далбаса» дестік. Қасымыздағы көршіміз, жанымыздағы жақындарымыз, көзтаныстарымыз осы ковидтің құрығына іліккен кезде барып, екпе алдық. Нәтижесінде не болды? Қоғамдық иммунитет қалыптасып, маскамызды шешіп, еркін қозғалып, еркін өмірімізге қайта оралдық. Қоғамдық сана да сол сияқты, көпшіліктің ойы бір жерден шықпайынша, қоғамдық алауыздық дес бермейді. Мұны атам қазақ «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау араз болса, ауыздағы кетеді» деген екен. Елдікке қызмет ететін, сауатты қоғамдық сана қалыптастыратын бірден-бір құрал - сауатты БАҚ, - дей келіп, қатысушыларды облыстық, аудандық газеттердің неден ұтып, неден ұтылып отырғанын айтып, ашық әңгімеге шақырды.

Мұхамбет-Салық Бабажанов атындағы мектеп директорының у.м.а Фархад Мұқатов оқырмандардың қалың армиясын құрайтын мұғалімдердің материалдарын жариялауда жеңілдік сұраса, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева облыстық газеттердегі Чирикаевтың, Д.Мұштанованың мақалаларын қызығушылықпен оқығанын жеткізіп, облыстық, аудандық газеттердің оқырман талғамынан шығып, тиісті деңгейде қызмет етіп отырғанын айтты.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале