3.08.2026, 11:30
Оқылды: 5

Қоғамдық тәртіп - ортақ жауапкершілік

Қоғамдағы тыныштық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Осы мақсатта Казталов ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Профилактикалық іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Тимур Мамытов, аудан прокуратурасы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Отбасын қолдау орталығы, аудандық білім беру бөлімі және Казталов ауылдық округінің өкілдері қатысты.
image-03-08-26-08-02-2
Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен ойын-сауық орындары, сауда нысандары және көше бойлары бақылауға алынып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңнамада белгіленген уақыттан тыс көшеде жүруі, балалар еңбегін заңсыз пайдалану, сондай-ақ түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату фактілерінің алдын алу және анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді. Тимур Сейтбайұлының сөзіне сүйенсек соңғы үш күнде профилактикалық жұмыстар аясында 21 құқық бұзушылық тіркеліп тиісті шаралар алынған.
image-03-08-26-08-02-1
Аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мемлекеттік органдардың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
– «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі тірегі. Әсіресе, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне, олардың құқықтарының сақталуына және заң талаптарын құрметтеуіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Осындай профилактикалық рейдтердің басты мақсаты азаматтарды жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Бұл жұмыстар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады», – деді ол.
Асылбек НӘСІПҚАЛИҰЛЫ
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале