8.11.2021, 11:51
Оқылды: 122

Қой кімге бұйырады?

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда жылдың басынан бері 19 рет ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткен. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Қайрат Әбсатыровтың берген мәліметіне сүйенсек, биыл жәрмеңке сөресінен 13 млн 364 950 теңгенің өнімі сатылыпты. Халық табиғи ет, сүт, бақша өнімдері мен мал азығын оңтайлы бағада сатып алған.

dav

Осы сенбіде, яғни 13 қараша күні Жымпитыда 2021 қорытынды жәрмеңкесі өтеді. Таңмен басталатын сауда қызығында барлық ауылдық округтегі еңбекшілер өнімдерін саттыққа шығарады. Халықтың тиімді бағада тауар сатып алудан бөлек, ұтыстарға ие болу мүмкіндігі бар. Себебі, ұйымдастырушылар жәрмеңке басында лоторея ойынын ойнатпақ. 300 теңгеге билет сатып алған адамның айыр, күрек секілді үй құралдарын, одан бөлек 5 келі ет, 1 қап жем, 1 бума шөп ұтып алуы бек мүмкін.

Бас жүлдеге қой тігілуде! Ендеше, қарашаның 13 – і күні жәрмеңкеге келіңіз! Қой кімге бұйырар екен?

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале