18.11.2021, 10:40
Оқылды: 95

Көкпаршылар сайысқа түсті

Еліміз талай асулардан, талай биіктерден өтіп келеді. Жасампаз елдің, әлеуметтік-экономикалық дамуы айтарлықтай өз жемісін беруде. Жақында тойланғалы отырған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы осы бір даму үрдістерін, отыз жыл өресінде жасалған игі істерді айшықтай көрсететін бір мереке болмақ.

255639893_914731252796267_1279792264363907327_n

Шыңғырлау ауданында спорт саласы талай жеңімпаздармен танымал, сондай-ақ мықты спортшыларды әзірлеп келді. Соңғы жылдары, әсіресе ат спортын жастар мен жасөспірімдер, балалар арасында насихаттау, осы спорт түріне баулу өз дәрежесінде атқарылуда. Сөзімізге негіз – жақында өткен спорттық шара. «Жарыстың мақсаты – ауданда ұлттық спортты кеңінен насихаттау, жасөспірімдерді көптеп ат спортына тарту, қызығушылығын ояту болатын», – дейді ұйымдастырушылар алқасы.

Спортшылардың шеберліктерін сынға салған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылды. Ұлттық спорт түрі көкпардан Ақшат ауылы және Шыңғырлау ауылының жасөспірім шабандоздарымен жолдастық кездесу қызықты да тартысты өтті. Нәтижесінде жеңімпаз командалар және жекелей шабандоздар Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дипломдарымен марапатталды. Ал аудандық жастар ресурстық орталығы спортшыларға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сөйтіп, көкпар додасында "Үздік ойын" аталымына Шыңғырлау ауданының балалар-жаөспірімдер спорт мектебінің командасы қол жеткізді. Ал "Жеңіске деген жігері үшін" аталымымен Ақшат ауылының командасы марапатталды. Жекелеген спортшылар да құралақан қалмады. "Үздік шабуылшы" атанған Бекзат Утаровтың (Ақшат ауылы), "Үздік ойыншы" деп танылған Әли Нұрболатовтың (аудандық БЖСМ), "Үздік жекпе-жекші" Махамбет Амангелдиев (аудандық БЖСМ) пен "Үздік қорғаушы" аталымын иеленген Руслан Игильманның (Ақшат ауылы) болашақта аудан намысын қорғай аларына жұртшылық сенімді.

Ұлттық спортымыздың дамуы үшін алдағы уақытта да осындай шаралар көп болса игі!

                                                                                             А.Аңсар,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале