Шыңғырлаулық диқандар көктем туысымен дала төсіне соқа салып, кезек күттірмейтін жаңа науқанды бастап та кетті. Техникаларын сақадай сайлап, іске кіріскен шаруалар бүгінде 1074 гектар жерге майлы дақылдар, 872 гектар алқапта мал азықтық дақылдар егіп, жұмысын одан әрі жалғастырып жатыр.
Сондай-ақ жаздық бидайдың 300 гектар жер теліміне «Нұрсұлтан», 100 гектарға «Амангелді-Агро», 45 гектар жерге «Ақ Жалғас», 120 гектарға «Сапашев» шаруа қожалықтары тұқым сеуіп болса, жұмысы үнемі өзгеден ілгері жүретін «Жаңа Жер» шаруа қожалығы да асқан ыждағаттылық танытып, бүгіндері 700 гектар егін даласына дән сеуіп шықты.
Ал «Жігер», «Тұлпар», «Қарабұлақ», «Жаңа Жер» шаруалары арпа егуді жалғастырып, олармен қатарлас бірнеше шаруашылық тары, дәнді құмай, жасымық, мақсары, күнбағыс егіп жатыр.
Айсұлу Арыстанова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz