22.11.2018, 16:26
Оқылды: 63

Көктеректік кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алды

Қазталов ауданы Көктерек ауылдық округінде 63 шаруа қожалық төрт түлік мал өсірумен шұғылданады.

grant (3)

 «Көктерек» шаруа қожалығының жетекшісі Ержан Молдашевтің жұбайы Гүлшат Төлеуғалиева «Мирас» жеке кәсібін ашып «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік грант ұтып алып, 2 млн. 300 мың теңге қаражатқа қол жеткізді. Грантты ұту үшін кәсіпкер 2 млн. 550 мың теңгеге жоба жасап, ауыл шаруашылық саласында қажетті жем тартатын құрылғы сатып алуды көздеген. Сол мақсаты орындалып қайтарымсыз қаражатқа Қостанай қаласындағы «АгроТехСервис» кәсіпорыны жасап шығарған «Зерновой экструдер» құрлығысы сатып алды.

- Бұл құрлығы элетр тоғынан қуат алып, жемді 180 градус ыстықта пісіреді. Тартылатын өнімнің 95 пайызын өңдейді. Сағатына 350 келі жемді өңдеп, бойындағы малға қажетті дәрумендерін жоймайды. Жемнің көлемін 5 есе үлкейтеді. Ақ пен қара бидай, арпа, күнбағыс дәндері, жүгері дәндерінін өңдей алады. Екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарынан бастап, шаруа қожалықтары мен мал бордақылап отырған шаруалар жемдерін әкеліп тарттырып жатыр,- деді Г.Төлеуғалиева

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

grant (2) grant (4) grant (5)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале