12.05.2025, 16:15
Оқылды: 271

Көктеректік түлектердің тартуы

Казталов ауданы бойынша жүзеге асырылып жатқан түлектер тартуына үн қосқан көктеректік түлектер «Туған жерді көркейту ел алдындағы, қоғам алдындағы борышымыз. Мен еліме не бере аламын?» - деп жылда өз қаражаттары есебінен жаңа дүниелер жасап, сүбелі үлестерін қосып жүргендерінен барша аудан тұрғындары толықтай хабардар.

IMG-20250512-WA0007

Жалпақтал ауылы түлектерінің бастамасымен жүзеге асып, бүкіл аудан көлеміне кеңінен тараған осы үрдісті жалғастыра білген 1995 жылғы көктеректік түлектер 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Түлектер саябағына» келушілерге арналған «Ратонда» нысанын тарту етті.

WhatsApp Image 2025-05-12 at 16.54.43 (1)

Тарту етілген нысанның ашылу салтанатында округ әкімі Бақытжан Есенғалиев отаншыл түлектерге Алғыс хат табыс етсе, аудандық мәслихат депутаты Серікбол Қадемов құттықтау сөз сөйледі.
Елім деген азаматтары бар әр ауылдың болашағы жарқын, абзал азаматтары аман болсын!.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале