20.11.2022, 19:09
Оқылды: 43

Көктеректіліктерде белсенділік танытуда

Бүгінгі сайлауға Казталов ауданының көктеректік ағайындары да белсенді қатысуда.

InShot_20221120_190619222

Көктерек ауылдық округінде дауыс беру құқығына ие 528 сайлаушы бар. Қазіргі таңда округтегі №257 сайлау учаскесінде сайлаушылар қатары артып отыр.
- Ауыл тұрғындары сайлаудың маңызын жете түсініп, бүгін өз таңдауларын жасауда. Олар елдің дамуына, болашағына, халықтың әл-ауқатының артуына сеніммен қарайды. Сол үшін де түгел дерлік сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасап, жарқын болашаққа үлес қосуда. Біз ата-бабамыз мұра етіп қалдырған осынау кең байтақ Отанымыздың келешегіне алаңдаған болсақ, бүгінгі сайлаудан қалыс қалмағанымыз жөн. Сондықтан ел ертеңінен үміт күтіп, бір кісідей дауыс берейік!, - деді аудандық мәслихат депутаты Асыл Кенжеғалиева.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале