14.03.2022, 11:10
Оқылды: 218

Қол күресінен жарыс өтті

Көрісу мерекесімен Наурыз мейрамына орай Дариян ауылында қол күресінен аудандық жарыс өтті. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қол күресі спортының дамуына үлес қосу мақсатында оздырылған бәсекені «Бәйтерек» спорт клубының әдіскері, спортшы, гір спортынан Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері Виталий Бырко ұйымдастырды.

IMG-20220313-WA0014

Ауданның үздік жас армрестлингшілері бақ сынаған жарысқа Достық, Рубежка, Мичурин, Озерное, Погодаев, Трекин және Дариян ауылдарынан келген 2004-2006, 2007 жылғы және одан да кіші жастағы спортшылары қатысты. Өліспей беріспеген қол күресі шеберлері білек күші спортының әдемі тұсын көрсетіп, көрерменге армрестлинг мерекесін сыйлады.

Қорытындысында 2007 және одан кіші жастағы спортшылар жарысында 45 келіде Т.Мұсағалиев, 55 келіде К.Ерғалиев, 65 келіде А.Мырзағалиев, 70 келіде Д. Мақсот, 70 келіден жоғары тартатын спортшылар сынында А.Степанов жеңімпаз атанса, 2004-2006 жылдары туған білекті жігіттер жарысында 55 келіде И.Глушков, 65 келіде Р. Голубых, 70 келіде Г.Шейко, аса ауыр салмақта Д. Қалимолла чемпион атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағасы сыйлықтар мен медаль табыс етілді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале