14.10.2020, 12:42
Оқылды: 66

Көлік ұрлаған адам қолға түсті

Қазан айының 13-і күні сағат таңғы 09:00 мен 09:30 аралығында белгісіз біреу Көшім аулындағы Достық көшесі №2 үй алдында тұрған 809 NAA 07 нөмірлі "ВАЗ 2110" автокөлігін ұрлап кеткен.

Kolik

Жәбірленуші көлігінің жоғалғаны туралы полицияға хабарлапты. Жедел іске кіріскен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ауыл аумағын қоршауға алып, ұқсас көліктерді тексеріп, қолды болған "ВАЗ"-ды тапқан.

– Жедел әрекетіміздің арқасында ұрланған көлікті таптық. Оны қолды қылған адам құтылмасын білсе керек, ауданға қарасты Озерный ауылы маңындағы қамыс арасына апарып машинаны өртеп жіберіпті, – дейді бізге ақпарат берген аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары М.Нәжиев.

Қазір көлікті қолды қылған Х. есімді азамат қылмысын толық мойындаған, қамауда. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалмақ.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале