19.10.2022, 12:02
Оқылды: 47

Колледж тынысымен танысты

Шыңғырлау ауданы орталығындағы ауыл шаруашылығы мамандарын даярлап, кәсіптік-техникалық бағытта дәріс беретін бірден-бір оқу орталығы - Шыңғырлау колледжі.

311476449_1287903795378514_3224269550269545230_n

Өткен ғасырда негізі қаланған мекеме өз тарихында бірнеше атауларды иемденіп, әлденеше рет жұмыс бағыты да өзгерген еді. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керектігі белгілі. Президентіміз Қ.Тоқаев та халыққа арнаған Жолдауында: «Кәсібилілік пен еңбекқорлық қоғамымыздың жоғары орнында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс»,-деп ерекше атап өткен болатын. Біздің оқу орны да осы талап биігінен шығу мақсатымен жұмыс жасап келеді. Колледж қабырғасында білім алып жүрген оқушыларымыздың аудан, облыс, республика көлемінде білімдерін дәлелдеп, жүлделі орындарды жеңіп алуы осының айқын дәлелі.

311494273_1287903808711846_3876185388551125721_n

Жуырда колледжіміздің базасында аудандық білім беру бөлімі мен  «Атамекен» ҰКП Шыңғырлау аудандық филиалының ұйымдастыруымен  кәсіби бағдар беру, жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту мақсатында «Кәсіптік бағдар – болашаққа жол» атты ашық есік күні өткізілді. Аталған шараға мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және Л.Қылышев атындағы және Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысты.

311521525_1287903765378517_2808295961707139983_n

Кездесу барысында оқу орнының материалдық-техникалық базасына саяхат жасалып, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары колледж базасында даярланатын кәсіптік техникалық мамандықтар жөнінде толықтай ақпараттар берді. Кездесуде қатысушылардың назарына колледж туралы бейнеролик ұсынылып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Нұрмұқанова мамандық таңдау кезінде ұстануға тиіс қағидалар туралы бағыт-бағдар берсе, арнайы пән оқытушысы О.Асқаров пен өндірістік оқыту шебері Г.Дүсенова мамандық таңдаудағы мүмкіндіктерді пайдалану жолдарын таныстырып өтті. Колледжіміздің түлектері, оқу озаттары Денис Завьялов пен Перизат Ойратова студенттердің тыныс-тіршілігі туралы өз ойларын, мақсаттарын айтып, оқушыларды оқуға шақырды.

Эльмира Бақытжанова,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале