17.01.2024, 17:45
Оқылды: 23

Колледжде мұз айдыны ашылды

Бүгін Қаратөбе ауданының колледжінде мұз айдының ашылуы салтанатты түрде өтті. Салтанатты жиынға Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Әлібек Қанафин қатысты.

колледж (2)

Колледжде жыл сайынғы игі дәстүрге айналған мұз айдынының ашылуына колледж  ұжымы мен студенттері қатысты.

Мұз айдынының ашылу салтанатын Қаратөбе ауылдық округінің әкімінің орынбасары Әлібек Есенжанұлы мен Қаратөбе колледжі директорының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Мәлікмағзарұлы құттықтау сөзбен ашты.

колледж 5

«Спорт - денсаулық кепілі» демекші келешек ұрпақтың денінің сау болуы қоғамдағы басты мәселенің бірі.

– Студенттеріміздің уақытын тиімді өткізу мақсатында колледжде көптеген іс-шараны жоспарлап отырмыз. Бүгінгі мұз айдынының ашылуы жастарымызды қуантып отыр. Мамандар даярлауда алдағы уақытта жоспарлаған жұмысымыз жетерлік. Мұз айдынына келушілерге жол ашық. Мұзда сырғанап жаттығамын деушілерге толық мүмкіндік бар. Кешкісін айналасын жарықтандырып тұратын жарық шамдарымыз бар. Жұмыстан кейін келіп жатығуға толық мүмкіндік жасалған», - дейді колледж директорының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қалиев.

колледж 7

Колледж студенттері мұз айдынында сырғанап, түрлі ойын көрсетіп, шеберліктерін таныта білді.

 

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале