10.04.2024, 15:22
Оқылды: 9

Колледждегі тағылымды шара

Бөкей ордасы  колледжінде  жасөспірімдермен әскери- патриоттық тәрбие тақырыбында тағылымды кездесу  өтті.

20240409100003_IMG_7205

Бөкей ордасы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, Бөкей ордасы ардагерлері кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен, Бөкей ордасы колледжі әкімшілігінің қолдауымен өткен кездесуге ардагер ағаларымыз бен аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, №19 өрт сөндіру бекеті, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, «Орда» шекара бекетінің қызметкерлері  қатысты.

20240409095936_IMG_7203

Жиын барысында аудан ардагерлері өз әскери борыштарын өтегендері туралы естеліктерімен бөлісті. Мысалға, Сәрсенбай Қуанышалиев ағамыз әскери борышын Германияда өтегенін айтса, Жігер Омаров ағамыз әскерде Венгрияда болған екен. Сонымен қатар, кездесу спикерлері әскери өмір қатаң тәртіпке қана үйретіп қоймай, жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететінін, болашақта бірқатар мансаптарға есік ашатындығын жеткізді.

Сонымен қатар, аудандық  қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің кадр маманы Берік Қожантаев қазіргі таңда ел алдындағы әскери борышын өтеймін деген жастар саны күннен-күнге сиреп бара жатырғанын айтты.

- Бүгінгі күнде әскер қатарында борышын өтеу үшін барлық жағдай жасалған. Ағаларымыздың естелігінде айтылған қазір не шұлғау орап, не картоп тазалаудың қажеттілігі жоқ. Оған қоса, әскери борышын өтеген азамат жоғарғы оқу орнына мемлекеттік грант арқылы түсуге мүмкіндік алады, - деді Берік Қожантаев.

Студенттер шара қонақтарына сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.

Темхар Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале